Құқығыңды білесің бе?

Кардиология орталығында cыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өтті

  • Кардиология орталығында cыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өтті

    Кардиология орталығында cыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өтті

2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласы кардиология орталығында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамалардың ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері мен аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Жиын барасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Этикалық кодекс», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдардың негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары мемлекеттік биліктің беделін нығайту, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызмет саласы мен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуде мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызметтің сапалы кадр құрамын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды ескерту мен алдын алу бағыттары жан-жақты түсіндірілді.




Сондай-ақ семинар-кеңесте денсаулық сақтау саласында, атап айтқанда: дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, тегін медициналық көмек, медициналық жабдықтар, мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесі, стационарлық, стационарлық және амбулаториялық емханалық қызметтер көрсетудің негізгі тетіктері мен жемқорлық көріністерін болдырмау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиынды Алмалы ауданынның бас дәрігері Алмас Жувашев алғы сөзбен ашып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері Сайлау Оразов, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің өкілі Нұрбол Мекешов өз баяндамаларында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мен жемқорлықтың деңгейін төмендету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жою саласындағы жұмысын тоқтатпау туралы мәселелерге тоқталды.

Жиынға қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шараларды жоғары бағалады және сыбайлас жемқорлықты жою туралы ынтымақтастық келісімге дайын екендігін білдірді.


Таңат Жайлауов,

Алаш айнасы


 




Көрілген: 1143    Пікірлер: 0

жұма, 27.10.2017, 12:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30