Құжатты қалпына келтіру құқықтық тұрғыдан қиын емес

Құжатты қалпына келтіру құқықтық тұрғыдан қиын емес

Құжаттың жоғалуы біраз әуреге салатыны рас. Әсіресе, ол жылжы­майтын мүлікке қатысты құжат болса жауаптылықтың еселене түсетіні күмәнсіз. Мұндай жағдайда абыржудың қажеті жоқ. Өйткені, бүгінгідей электрондық қызмет жетілдірілген заманда кез келген құжатты қайта қалпына келтіру үлкен қиындық тудырмайды.

Тек оның заңды жолын білу маңызды. Әрине, құжаттарды қалпына келтіру ұзақ уақытты алатын, әбігері көп жұмыс. Дегенмен, қажетті қағаздың жоғалғанын біле салысымен құзырлы орындарға жүгінген дұрыс. Кейбір құқықты қалпына келтіру құжаттары 5 жұмыс күнінде дайын болса, кейбірін мұрағаттан алу үшін апта жоғалтуыңыз мүмкін. Ең бастысы, құжатты бүлдіру мен жоғалту жылжымайтын мүлікке иелік ету құқығыңызды шектемейтінін ұмытпаңыз.

Құжаттар жоғалған жағдайда дуб­ликатын алу үшін бірінші «Азамат­тарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен нотариалдық кеңсеге жүгінеді. Қазақстан Респуб­ликасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңына сәйкес, құжаттың түпнұсқасы жоғалған не бүлінген жағдайда әділет органдары құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру көрсетілген құжаттың тіркеу ісінде сақталатын көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізіледі.
Егер тіркеу ісінде электрондық құжат­тың тек қағаздағы көшірмесі болса, құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын нотариус береді.
Ережеге сәйкес, мұндай құжат тек иесіне немесе сенім берілген өкілге тапсырылады. Әуре­сарсаңға түспеу үшін азамат­
тарға жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарға ұқыпты болып, келеңсіз жайға түскісі келмесе кез келген құжат­тың нотариуспен бекітілген көшірмесін бірге жасап сақтау қажет. Тіпті болмаса құжаттарды сканерлеп қойған абзал. Бұл құжатты қайта қалпына келтіру жұмысын жеңілдетеді.
Ж.УТЕГЕНОВ,
Алматы қалалық әділет
департаментінің ауыртпалықты
тіркеу және мұрағаттау бөлімінің
басшысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста