Құқығыңды білесің бе?

Медиация тиімділігін дәлелдеп келеді

  • Медиация тиімділігін дәлелдеп келеді

    Медиация тиімділігін дәлелдеп келеді

Қазақ халқы ежелден-ақ мәмілегер халық екені белгілі.Кез-келген даулы мәселені келісіммен шешетін болған.Ауылдағы даулы мәселені шешетін ел ағалары және ақсақалдар екі жақтың уәждерін тындап, екі жақ та ұтылмайтындай бір шешім шығара білген.


Бұл қазақ халқының мәмілегер, кемеңгер, ақылды, би, ақсақалдарының көсем, ең бірінші орынға ел тыныштығын қоятындығын көрсетеді.Қазіргі таңда медиация мәселесі заңдастырылған. 2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» № 401-IV Заңы қабылданып, 2011 жылдың 6 тамызында күшіне еңген болатын.Медиация (латынның medius deuty) екі көзқарастың немесе екі жақтың ортасында болу, орта жолды ұсыну бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді.Заң нормаларына сүйенетін болсақ, медиация дегеніміз – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі болып табылады.Медиацияны қолдануда, өз алдына мақсаттар қойылған олар: 1) дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу;2) тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.Қазіргі таңда, некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келіспеушіліктер медиация арқылы шешіліп отыр.Медиацияның ең негізгі артықшылығы, іс жүргізілу рәсімінің құпиялығы,яғни не болғаны, не айтылғаны құпия болып қалады.Сонымен қатар медиация құжаттары жойылады.Дүниежүзілік тәжірибеге сүйенетін болсақ медиация арқылы келіспеушіліктердің 30-40 пайызы өтеді екен,оның ішінде 80 пайызы ойдағыдай нәтижеге жетеді.Бұндай жетістікке жетудің өзі кездейсоқтық емес, себебі медиация бір шешімге келу мүмкіндіктері тәмамдалды деген жағдайларында да өз шешімін тауып, көпдеген қаржылық шығындарға ұшыратпай, жақсы достық, серіктестік, қарым-қатынастарды сақтап қалумен қатар, абыройға кір келтірмеуге мүмкіндік береді.


Гульдана КАЗБАГАМБЕТОВА,

Ақтөбе облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының жетекші маманы


 




Көрілген: 1098    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 15:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30