Мұғалімнің құқығы қандай?

Мұғалімнің құқығы қандай?
Біз бүгін халқымыздың құқықтық сауатын көтеру мақсатында бірнеше оқырман сұрағына құқықтық тұрғыдан жауап беруді жөн көрдік.

Мектепте физика пəнінің мұғалімімін. Еңбек заңында мұғалімнің құқығының бұзылуына арналған қандай шарттар бар?
Сәнімгүл Қожаева
(сауал электронды поштамен келген)

Еңбек кодексі мұғалімнің ғана емес, барлық саладағы «жұмыскерлердің» құқықтары мен мүдделерін бірдей қорғайды. оның 22-бабында жұмыскерге заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға (бұзуға), жұмыс берушіден оның талаптарын орындауды талап етуге, тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға, еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз ақы алуға, жеке еңбек дауын шешу мақсатында келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге, жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға, жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуына құқығы бар. сонымен бірге жұмыскер еңбек міндеттерін еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің бұйрықтарына сәйкес орындауға, еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Жұмыскердің еңбек заңында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады. 

Жалақымның көлемін білмеуім қалыпты жайт па? Мектепте зертханашы болып бірнеше жылдан бері жұмыс жасаймын. Бірақ әлі күнге дейін жалақымның штаттық мөлшерлемесін білмеймін. Қолыма кейде азайып тиеді. Бухгалтерден сұрасам, ұжымдастарымыздың туған күндеріне және басқа майда-шүйдеге ұсталып қалғанын айтады. Алдын ала айтып барып, ұстауға міндетті емес пе? Әйгерім Нұрболат АТЫРАУ ОБЛЫСЫ Жалақы айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Осы күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті. Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімінде төлемесе, заң алдында жауаптылықта болады. Өзіңіз сұрап отырған жалақыдан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ ҚР заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрине, туған күндер және басқа майда-шүйделер мұндай жағдайға жатпайды. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу оны жазбаша хабардар ете отырып, іссапарға байланысты, оның ішінде шығыстарын растайтын құжаттарды бермеген жағдайда жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшалай сомаларды өтеу үшін, оқыту шарты болған кезде жұмыскерді оқытуға байланысты шығындарды (еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылса, жұмыс істелмеген мерзімге пропорционалды түрде) өтеуді көздейтін жағдайларда, жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыстыру немесе одан кері шақыртып алу жағдайларында (осы Кодекстің 95-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төленуін қоспағанда), жұмыскердің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағдайларда жұмыс беруші бұйрығының негізінде жүргізілуі мүмкін (Еңбек кодексінің 113, 115-баптары). Демалысым күйіп кетпей ме? 2012 жылдың 14 наурызында орта мектепке іс-қағаздарын жүргізуші болып жұмысқа орналастым. 2012 жылдың 1 шілдесінде оқу орнының барлық қызметкерлері 2012-2013 оқу жылының еңбек демалысына шықты. Бірақ мен еңбек демалысына шықпадым. Тек 2013 жылдың 1 шілдесінде маған 2013-2014 оқу жылының еңбек демалысы берілді. Сұрайын дегенім – 2012 жылдың еңбек демалысы маған тиесілі ме? Егер тиесілі болса, мен сол еңбек демалысының ақшасын ала аламын ба? Осы мәселенің қай заңда, оның қай баптарында көрсетілгенін түсіндірсеңіздер. Айнұр Мәжит Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылы Еңбек кодексінде 2012, 2013 немесе 2016 жылдың еңбек демалыстары деген ұғым жоқ. Тек оның 92-бабында жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берілетіні көрсетілген. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды. Бірақ, қызметке тұрғаннан кейін еңбек демалысына шығу үшін уақытты саусақпен санап, тура бір жыл толуын күту міндетті емес. Қызметіңіз оқу процесімен тікелей байланысты болмағандықтан, жұмыс берушінің келісімімен 2012 жылдың кез-келген айында еңбек демалысына шығуыңызға болатын еді. Алайда, жұмысқа тұрғаннан кейінгі алғашқы немесе одан бергі кезекті еңбек демалыстарын жыл толтырмай алған жағдайда демалыс ақысының жұмыс істеген айларыңызға ғана қатаң сәйкестендіріліп, кемітіліп берілетінін ескеруіңіз керек. Кодекстің 94-бабының 3-тармағы пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салады. Осыған орай басшылықтан өндіріс (жұмыс) мүмкіншілігі қабыспай жатса, кезекті еңбек демалысына әрбір жыл сайын уақытылы шығаруды да талап ете алмайсыз. Ал, осы кодекстің 96-бабының 2-тармағына сай еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге сол пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төленеді. Сол кезде пайдаланбаған күндеріңіз (айларыңыз) қай жылдан болса да, жұмысқа тұрған уақытыңыздан бастап ескеріледі. Алаш айнасы
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста