Құқығыңды білесің бе?

Сот жұмысының сапасы артуда

  • Сот жұмысының сапасы артуда

    Сот жұмысының сапасы артуда

Жоғары сотта өткен жарты жылдықтың жиынында Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми жарты жылдықты қорытындылап, жылдың екінші жартыжылдығында атқарылатын істер ауқымы, сипаты жайлы, сот жүйесіндегі шешімін күткен мәселелер жөнінде айтып, сот саласындағы жетекші қызметкерлерге маңызды міндеттер жүктеді. Төрағаның айтуынша, соттар жұмысын тәуелсіз сарапшылар жоғары бағалап отыр. Мәселен, соңғы жүргізілген мониторинг нәтижесі алты жыл ішінде Қазақстан тұрғындарының Жоғарғы Сотқа деген сенімінің нығая түскенін дәлелдеген. Шын мәнінде бұл үлкен жетістік.

Жасырын респонденттер арасында жүргізілген сұраудың қорытындысы да жағымды. Жоғары баға алып отыр. Өзге де сауалнамалар қорытындысы соттар қызметіне, сонымен қатар, электронды сот төрелігіне оң баға берген. Қоғамдық бағадағы мұндай ілгерілеушіліктер соңғы 2-3 жыл ішінде кешенді түрде жүзеге асырылған маңызды реформалардың жемісі екені анық.

Сонымен қатар, Қайрат Мәми мырза ең алдымен қоғамның мүддесі үшін БАҚ-та сот жұмысының ерекшелігін кең көлемде көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық бақылаудың бұл құралы барынша жетілдірілуі керек. Сот қызметінің мәртебесін көтеретін шаралар қатар жүріп, сауатты, мінсіз қызметімен беделге ие болған судьялар жайлы материалдар жиі жариялануы тиіс. Сонда ғана судьялар мәртебесі арта түседі. Мәртебесі биік судьялар еліміздің сот жүйесінде көптеп саналады.

Жаңартылған сот өндірісі сот алқаларына істі қарау сапасын арттырумен қатар, сот тәжірибесінің деңгейін де жақсартты. Жарты жыл ішінде 6 нормативтік қаулы қабылданған. Солардың арқасында алаяқтықпен, банк, салық, жекеменшік құқық және атқару өндірісіне қатысты өзекті мәселелер шешімін тапқан. Осы жұмыс қарқыны азаймауы керек. Қайрат Мәми мырза жиын баасында кадрларды іріктеу мен олардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша да нақты тапсырма берді. Оның айтуынша, кадрлар резервін толықтырудың барлық мәселесі реттелсе де аудандық сот төрағалығына лайықты мамандар табу қиын болып тұр. Сонымен қатар, Қайрат Мәми судьялар жүктемесін азайту, осы мақсатта сот бұйрығы институтын кеңінен қолдану, ақпаратты технологияны сот жүйесіне кеңінен енгізу жөнінде нақты алда тұрған міндеттерді ортаға салып, тапсырмалар да берді. Сонымен қатар, соттардың тәуелсіздігін нығайту, мәртебесін көтеру бағытында да шаралар қабылдануда. Сот жүйесін одан әрі жаңғырту, заңнаманы жетілдіру, халықтың сотқа деген сенім деңгейін арттыру бойынша белсенді жұмыс¬тың жалғаса беретінін айтқан төраға осы ретте әрбір судья өзінің имиджі мен кәсіби деңгейіне мән беріп, сот әділдігін сапалы жүзеге асыруға зор жауапкершілікпен қарауы керектігін қадап айтып, қойылған міндеттердің толығымен орындалатынына сенім білдірді. Жарты жылдық қортындысы бойынша еліміздегі сот жүйесінің тек ілгерілеу үстінде екені байқадық. Алдағы уақытта да осы салада қабылданған жаңа жүйелер саласының сапасын арттыра берер деген үміттеміз.


Алаш айнасы




 




Көрілген: 1027    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 15:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30