Құқығыңды білесің бе?

"Сот кабинеті" кеңінен қолданылуда

  • "Сот кабинеті" кеңінен қолданылуда

Соңғы жылдары сот жүйесіне енгізілген өзгерістердің бірі "сот кабинеті". Осы орайда соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі Нұрсерік Шәріпов еліміздегі сот төрелігін жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалануды барынша кеңейту, сот ісін жүргізуді жеңілдету, сот төрелігін неғұрлым ашық әрі айқындылықпен атқаруда "сот кабинетінің" маңызы артып отырғанын мәлімдеді. Әсіресе соңғы жарты жылдықта «Сот кабинеті» қызметінің мүмкіндігі кеңейе түскен. Бұл да кешегі Жоғары сотта өткізілген жиында сөз болды.

Азаматтар электронды құжат айналымына көбірек сенетін және қолданатын болған. Мәселен, жыл басынан бері «Сот кабинетін» қолданушылар саны былтырғы 120 мыңнан 160 мыңға артқан.

«Сот кабинеті» арқылы сақтандыру компаниялары әкімшілік сот қаулыларын еркін алатын болған. Бұл азаматтардың әкімшілік соттарға қаулыны алу үшін қайталап жүгінуін азайтып, яғни жұмыстың оңтайлы жүргізілуіне жол ашқан. Бүгінгідей сандандыру дәуірінде «Сот кабинетінің» өзектілігі арта түсетіндіктен, оны дамытуға алдағы уақытта да күш салына бермек. Яғни оның халық арасында кеңінен қолданылуына алдағы уақытта да сұранысқа ие болатынына мамандар сенп отыр.

Сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың қаңтар айынан бастап «Сот актілерінің банкі» қызметі де іске қосылған. Бұл қыз¬мет сот актілерін іздеу тәртібін жеңілдеткен. «Сот актілерінің банкіне» 2013 жыл мен 2017 жыл аралығында шығарылған сот актілері енгізілген. Сол секілді, мемлекеттік органдар қызметінің өзара байланысы, электронды үкіметтің төлем шлюзінің интеграциясы, «Төрелік» ақпараттық жүйесі сот қызметіндегі ашықтықты, жеделдікті қамтамасыз етіп, қағазбастылықтың азаюына тиімді ықпал етуде. Осы ретте соттарды техникалық қамтамасыз ету шарасы да қатар жүруде. Бүгінгі таңда республика сот¬тарының компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі 95,2 пайызды құраған. Алдағы уақытта бұл мәселені түбегейлі шешу жұмыстары да жүргізілуде. Сот жүйесін қағазбастылықтан арылтып, халықтың жүгірісін азайту мақсатында атқарылып жатқан мұндай шаралар да сот саласындағы жұмыс сапасының артқанын білдіреді.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1189    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.07.2017, 14:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30