ҰБТ:Талапкер - 2014

125 балға апелляция арқылы қол жеткізді

  • 125 балға апелляция арқылы қол жеткізді

    125 балға апелляция арқылы қол жеткізді

Алматыда тағы бір түлек 125 балл жинады. Алайда Әсия Жандосқызы оған аппеляциялық шағымнан кейін қол жеткізген. Бұл буралы «Алматы» телеарнасы хабарлады. Бұл алғашқы сынақ қорытындысы. Ал бүгінгі көрсеткіш ертең белгілі болады.

«Мақсатқа жету - ешқашан берілмеу». Алматылық Әсия Жандосқызының ұстанымы осы. Ол ҰБТ сұрақтарына толық жауап берген. Десе де, қазақ тілі пәнінен келген соңғы сауалға күдікпен қарапты. Өйткені, нұсқасында қос бірдей дұрыс жауап көрсетілген. Алайда, табандылық танытқан талапкер, министрлікпен бекітілген тест тапсырмасын, мемлекеттің мақұлдаған оқулығымен дәлелдеген. Осылайша, оңтүстік астананың тағы бір қазақ қызы «алтын белгінгі» абыроймен ақтады.

«Сұрақта тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді табыңыз деген. Мен оған «С» нұсқасын белгіледім. Бұл нұсқасы бойынша: Есен:қайдан көрдім сені Жұматым!,-деген. Мен оны неге дұрыс емес деп белгіледім? Өйткені, төл сөз тырнақшаға алыну керек. Бірақ ол жерде тырнақша болмады»,- деді Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназияның түлегі Әсия МАРАТ.

Медеу ауданы бойынша, ҰБТ-дан №159 лицей алғашқы орынды иеленіпті. Тестке жіберілген 52 түлектің 40-ы 100-балдан жоғары жинаған. Алтын белгіге үмтікер 13 талапкер де сыннан сүрінбей өтіпті. Оған қоса, оқушылар 4 ерекше үлгідегі аттестатты ақтаған. Ортақ көрсеткіш 110 балға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5 ұпайға ұлғайғандығын көрсетеді. Ал лицей директоры ҰБТ-ның ұтымды әрі тиімсіз тұстарын тілгі тиек етті.

«Апелляция комиссиясының құрамы қателікті мойындап, дұрыстығын ескеріп, баланы қанағаттандырғанына рахмет.Менің ойымша, білім және ғылым минстрлігі мұны әлі де терең ойлануы керек. Мына мектептің аттестатын жоғары оқу орнымен байланыстыруға болмайды»,- деді Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназияның директоры Аягүл МИРАЗОВА.

Аудан бойынша, тест тапсыруға 789 оқушы өтініш білдірген. Оның 700-і ҰБТ-ға қатысыпты. Ал қалғаны халықаралық жобалар мен олимпада жеңімпаздары атанғаны үшін – сынақтан босатылған. Алайда, 97 балл жинаған тәлімгерлер тарапынан апелляциялық шағым аз түспепті.

«Шағым комиссиясына жалпы 54 бала шағым түсірді. Оның 9-ын біз Астанадағы шағым комиссиясына жібердік. 2 адамға жауабы қанағаттандырылды»,- деді Ұлттық тест орталығы №1 филиалының жетекшісі Кенжебек ЖАНТІЛЕУ.

Кеше тест тапсыру республика көлемінде 60 орында өтті. Сынаққа 17 мың 351 түлек қатысқан. 3 талапкер тәртіп бұзғаны үшін, аудиториядан шығарылды.

Республика бойынша көрсеткіш 75,7 балды құрап отыр. Оның ішінде 2 мың 12 оқушы 100-балдан асырған. Ал 3 мың 800-ден астам түлек ең төменгі 50 балды жинай алмады. Мектеп бітірушілері тестке ұялы телефон мен шпаргалка алып кірулерін доғарар емес. Алматыда бүгін өткен сынақ көрсеткіші ертең анықталады.




Көрілген: 3651    Пікірлер: 0

жұма, 06.06.2014, 10:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Мамыр 2014
    Шпаргалка түрлері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30