ҰБТ-ның алғашқы күні 6-мыңдай қалта телефон тәркіленді

03 маусым 2014, 15:44

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде қазақстандық мектеп түлектерінен бір қора ұялы телефон мен шпаргалка тәркіленді», деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«5 962 астам ұялы телефон, 1 783 шпаргалка, 121 калькулятор, алты фотоаппарат, екі рация тәркіленді", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Сонымен қатар, ереже бұзған 13 адам аудиториядан шығарылды.
2 маусымда тест тапсыруға жазылған 27 670 түлектің 26 134-і қатысты.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша 125 балды Алматының N178 лицейінің түлегі Айғаным Әбдіжапар алды. "100 балдан астам көрсеткішке қол жеткізгендер 3 797 (14,5%) адам. 2013 жылы бұл көрсеткіш – 2743 (11,4%) болатын", - делінген хабарламада.
2014 жылы ҰБТ өткізу үшін арнайы жабдықталған 155 орын ашылған. Оған 92 077 адам қатысады.
Тестілеу бес пән: математика, туған тілі (оқыған тілі), Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілді мектептер үшін) немесе орыс тілі (қазақ тілді мектептер үшін), таңдаған пәні (география, физика, биология, химия, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, шетел тілі және т.б.) бойынша жүргізіледі.
Тест 125 сұрақтан тұрады (әр пән бойынша 25 сұрақтан), тапсырмлаардың өзі мемлекеттік ққұпия болып саналады.
Тест ұзақтығы - 210 минут.
Тәртіп сақтау, тест сұрақтары мен жауаптарының құпиялылығын сақтау ҰҚК-ге тапсырылған.