Алаштың алаңдаушы азаматы

27 желтоқсан 2012, 13:37

Газетіміздің тұрақты «Алашты алаң­датқан сауал» айдарына ең көп пікір біл­дірген Алаштың алаңдаушы азаматы – Марат Башимов. Ол бір жыл бойы 16 мәрте ойын біздің журналистермен бөліс­кен екен. Осы аталымдағы екінші орында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов тұр. Камал ағамыз 2012 жылы газетіміздің осы айдарына 15 рет ойын айтып, Алашты алаңдатқан сауалға өз ойын білдіріпті. Онан кейінгі мінбеде 14 мәртелік пікірімен Парламент Мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметов тұр.