Үркер

Жылқы жылында жылқы етінен бас тартсақ ше?

  • Жылқы жылында жылқы етінен бас тартсақ ше?

    Жылқы жылында жылқы етінен бас тартсақ ше?

Жылқы – қазақтың жаны, жеті қазынасының бірі. Мемлекеттік Елтаңбамызда да қанатты тұлпар бейнеленген. Халық дүниетанымында Қамбарата төлі қастерлі болғанымен, қазақ оның етін сүйіп жейді. Көбіне жылқы етінің денсаулыққа пайдасын алға тартамыз. Бұдан жылқы басының азайып жатқаны да бар. Елімізде неше жылқы қалды, жыл сайын қанша жануардың басы пышаққа ілінеді, оны ешкім дөп басып айта алмайды. Біз үшін қасиетті саналатын жылда жылқы етінен бас тартсақ қалай болады?

Мәселен, Еуропаның көптеген елдері, Мажар­стан халқы да, орыстар да, украин­дықтар да, мұсылман елі саналатын арабтар, түріктер, түрікмендер де жылқы етін жемейді. «Кезінде ата-бабаларымыз соғыс уақытында жылқының арқасында көптеген жетістікке жеткен» деп оны қастер тұтады. Тіпті түрікмен халқы жылқысы мерт болса, оны адамдар секілді жерлейтін болған. Шыңғыс хан заманында да жарты әлемге әмірін жүргізген әйгілі қаған жылқы етін жеуге тыйым салған деседі. Оның үстіне, кейбіреулердің сөзіне сенсек, Шыңғыс хан «жылқы етін жеген халық жемқор болады» деп айтып кеткен көрінеді. Біздің де ата-бабаларымыз жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын кең-байтақ елімізді аттың үстінде жүріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, бүгінге аманат етті. Ендеше, осынау жерінің асты да, үсті де бай қара топыраққа иелік етуге септігін тигізген жылқы жануа­рына неге өз деңгейінде жанашырлық таны­та алмай отырмыз? Қамқорлығымыз қайда? Қашанға дейін оларды сойып, соғым қыла бермекпіз?

Мелдехан ФАЗЫЛОВ, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, атбегі:

– Қазақ халқы жылқы жануарына қарыздар. Біз қазанаттарымыздың арқа­сында, Қобыланды батырдың Тайбу­рылының, Алпамыс батырдың Байшұбарының, Қамбар батырдың Қара қасқасының, Ақан серінің Құла­ге­рінің, Исатайдың Ақтабанының, Абы­лай ханның Шалқұйрығының арқа­сын­да осындай алып жерге иелік етіп отыр­мыз. Бірақ Тәуелсіздік алғаны­мызға 22 жыл болса да, жылқы­ла­рымызға деген жанашырлық, қолдау көрсетілмей келеді. Біз жылқы етін тек ем үшін ғана қолдануымыз керек. Оны жаппай соя беруге болмайды. Бұл жалға­са беретін болса, табиғаттың сұрып­тау заңы іске қосылып, жылқы деген малдың адамдарға қажеті жоқ екен деген тылсым заң жұмыс істеп, жылқы жануары жер бетінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Сондықтан жылқы шаруашылығын, ат спортын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдайтын кезде мұны ескеруіміз керек. Сонда ғана тұлпарлардың айы оңынан туып, жұлдызы жарқырайтын болады.




Көрілген: 2586    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2013, 14:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2012
    Жылан – жақсылық нышаны
    27 Желтоқсан 2012
    «Ой-көкпаршы» тұлға
    28 Желтоқсан 2010
    Мюзиклде – Мана Накано

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30