Музыка үйірмесінің тұлғаны қалыптастырудағы рөлі

Музыка үйірмесінің тұлғаны қалыптастырудағы рөлі

“Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру деген менің басыма қонбайтын нәрсе”, – деп В. В. Сухомлинский тәрбие саласында музыканың алатын орнын ерекше бағалап өз пікірін осылай айтады.

Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі – музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады. Музыкалық тәрбие беру де мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.
– музыкалық әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту;
– музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу;
– музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдыны меңгерту.
Педагог-музыканттың кәсіби дайындығы оның қоғамдық, саяси, арнаулы және педагогикалық–психологиялық терең жан– жақты білімі болуымен анықталады. Қазіргі таңда білім шарттары бойынша оқушыларға музыкалық білім берудің мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ берудің жаңа үрдісін тиімді пайдаланудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім берудің интеграциясы мен бағдарламалар нұсқаларында ерекше өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі жас буын музыка пәнінің мұғалімі оқушылармен жұмыс жасау барысында танымал отандық және шетелдік прогресшіл қайраткерлердің ұсынған жаппай музыкалық білім беру идеясына сүйене отырып, оның мазмұнын жаңартуға тырысады. Музыка арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді. Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады. Музыка баланың жеке басының адамгершілік сезімдерін дамыту үшін қажет, сондықтан мектептерде музыка пәні белгілі бір жүйелі бағытпен жұмыс істейді. Оқушылармен өткізілетін музыка сабақтары шығармашылық күш оятып, әдемілікке деген құштарлығын арттырады. Әсіресе, ғасырдан ғасырға, атадан балаға жалғасын тауып, келе жатқан аса бағалы ән — күйлер, терме, жыр, қисса, толғаулар мектеп жасындағы балалардың ұлттық мәдениетін көтеру мақсатындағы жақсы бағыт – бағдар деп есептеймін.

Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан серігі және өзінің көркемдігі,нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың жақсы мінезқұлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық  сезімталдығына қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка сабағының алатын орны ерекше. Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп шығады. Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және сезімдік тұрғыдағы қарым-қатынас қалыптасады. Сонымен бірге әуен-саз,өлшем-ырғақ жүйесін есіту тәжірибесі қалыптасып,есте сақтап қалу қабілеті де жинақталады. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі. Үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Мектептегі бір сағаттық
музыка сабағы оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай
түрі болсын, оқушының музыка сабағынан алған білімін толықтыруы тиіс. Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп, музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін, баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық материал таңдап алғаны жөн. Ұйымдастыру алдында біршама дайындық әңгіме жүргізіледі. Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т.б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар жасады. Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей
білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді», т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптарымен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады. Музыка шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдік құралын, көркем бейнелердің
жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады.
Музыка- адам өмірінің жан серігі, музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет,оның тілі кім-кімге де түсінікті. Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті-шәкірттерін музыка өнерінің
сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу. Осы негізде айтылған академик А.Жұбановтың «Гимнастика денені қалай түзесе, музыка да адам жанын солай түзейді» деген нақыл сөзі оқушылардың
эстетикалық,рухани байлығын кеңейтіп,қанаттандыру керек екенін дәлелдейді.

Қосаев Мұрат, музыка пәнінің мұғалімі 

Әдебиеттер:
1
. Музыка әлемінде (Республикалық ғылыми-әдістемелік,педагогикалық
журнал) № 6(6) 2004
2. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі.
Алматы., 1990
3. Мелдебекова У.И. Бастауыш сынып оқушыларына музыка арқылы
эстетикалық тәрбие беру: дис. пед. ғыл. канд. – Түркістан, 2008. – 32 б.
4. Рысбекова Р.М. – Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып
оқушыларына патриоттық тәрбие беру. – Алматы, 2007. – 30 б.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста