Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту

Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту

Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары қоғам дамуының кең көлемдік, әлемдік мәселесі ретінде қарастырылуда қазақ халқы тәрбиесінің өне бойынан табылады. Жеке адам туралы сөз болғанда, жеке адам — көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам» және «тұлға» ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-бірінен қарама-қарсы болып табылады.

Жеке адам ұғымында адамның жекеше ерекше түрі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аз болады, бірақ өте көлемді, өйткені әрбір адам-индивид. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке адамның айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — оның өзіне тән мінез-құлқында, іс-әрекетінде, көзқарасындағы ерекшеліктерімен даралануы. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» — ұлы ақын Абай атамыз жырлағандай, адамды сүю – адамды танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым-қатынас мейірімнен басталады. Кішіге ізет, үлкенге құрмет, туыстық қарым-қатынастар қалыптастыруға, отбасының рөлі зор. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол үйдің отбасын құрайды. Отбасында ата мен әженің, әке мен ананың, аға мен іні, қарындастың орны ерекше. Бала бойына адамгершілік сезімдерін дамытуға жас кездегі тәрбие ең қолайлы кезең болып табылады.

Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс. Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі. Руханилық — ізгі, ақылдың шешімі, ізгі жүрек өмір ізгі сезім, жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі болса, Абайдың айтуынша «адамгершілік — махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және шешіледі», яғни рухани тәрбие — адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан дүниелерінің

сұлулылығына тәрбиелеу деген сөз. Адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны белгілі. Халықтың рухының асқақатауын, кемелдене бастағандығын оның барынша қоғамдағы рухани құндылықтарға мән беріп, маңыз беріп соларды жетілдірі, өркендету жолына түскенінен және адамаралық қатынастағы терең адамгершілік принциптерді көкке көтере бастағанын, аңғаруға болады. Нағыз қазақи рухтың сипатын рухани жетілуімізден, адамгершілік принциптерін сонау балабақшадан бастап халқымыздың діліне енгізе берудің тәсілдерін, іздеуіміз керек. Адам үшін жаудың үлкені оның өзінің бойындағы нәпсілік басылымдықтары болып табылады. Егер адам өзінің нәпсісін игеріп, оны руханилығымен көмкеріп отырса, онда оның рухы тазарады, халықтың ішкі бірлігі нығайып, адамға бауырмал бола түседі. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі де жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан –ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани- адамгершілік тәрбие- бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез- құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Жасөспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер», - деген Ыбырай Алтынсарин. Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. С Ш Әбенбаева, А.М Құдиярова Ж.Ә . Әбиев педагогика 2003 ж

2. Қазақстан Ұлттық энциклопедия. Алматы. 2001. 3 том. 398 б. 5. Нұрмұратов С.Е., Сағиқызы А. Ұлттық рух мәселесі хақында // Халықаралық конференция материалдары. Алматы 2006.

Сейлханова Назира Рахимжановна, 

Алматы қаласы, «Өзін-өзі тану» гимназиясы, 

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста