Сабақтар

Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағында сөздік жұмыс арқылы тіл дамыту

  • Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағында сөздік жұмыс арқылы тіл дамыту

    Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағында сөздік жұмыс арқылы тіл дамыту

Қазақ тілін орыс топтарында оқыту әдістемесінің басты мақсаты –  сөйлету, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, сөздік қорын молайтуға көмектесу, яғни тіл дамыту – оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету.


Бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың түрлі жолдары қарастырылып, жүзеге асырылуда. Қазақ тілін оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру ең маңызды жұмыстардың бірі. Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға, үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді

дұрыс құруға үйретіледі.

Тіл дамыту – ой дамыту. Оқушылардың тілін дамытуға сөздік жұмысының маңызы өте зор. Себебі, сөздік жұмысы – тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып саналады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол өзінің айтатын деген ойын нақты жеткізе алмайды. Сондықтан да сөздік жұмыс оқушылардың сөздерді, сөйлемдерді дұрыс

жазуына, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыруына зор ықпал етеді. Сөздік жұмысын әр сабақты өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп отыру керек. Сөздікпен жұмыс істегенде, жаттығу орындағанда

кәртішкелерді немесе суреттерді қолданғанда әрдайым қазақ тіліне тән дыбыстар қатысқан сөздерге мән берген тиімдірек. Жаңа сабақ сөздік жұмысынан басталады. Тіл дамыту жұмысының негізгі түрлерінің бірі – осы

сөздік жұмысы. Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағын өтуде мұғалімнің аса зер салатын өзекті мәселелерінің бірі де осы. Тақтаға екі тілді сөздерді жазып, оны дәптерлеріне көшіріп, жаттатқаннан балалар ол сөзді жадыларында ұстай алмайды, ұғып алса да кейінірек ұмытып қалады. Сондықтан балаларға жаңа сөз үйретуде оның орысша баламасымен қоса суретін көрсетіп, жанына қатарласа заттың аты қазақша жазылады, оны бірнеше рет қайталатып оқытып, мағынасын түсіндірсе, бұл жұмыс әлде қайда ұтымды болады. Ал енді оны есте сақтау үшін сол сөздер бар сөз

тіркесін құрып, күнделікті тұрмыста қолдана алатындай сөйлемдер құратып, оны дәптерлеріне жаздырып отырса, тіл дамыту жұмысы тиянақты жүргізілгені.Тіл үйрету дегеніміз – кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес,

жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтау үшін, сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің орыс

тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша,

жазбаша сөйлем құрғаттыру аса маңызды. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс.

1. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп

есте сақтаумен бірге дұрыс айтып үйренудің мәні зор.

2. Заттың өзін көрсетті арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде

оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп есте сақтау

мүмкіндігі артады.

3. Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту. Жаңа сөздерді оқушылардың ана

тіліне аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден-бір тәсіл деуге болады.

Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р. Прудникова жаттығу әдісінің

маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бірбірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты. Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді

сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жұмысы әр сабақ сайын, жыл бойы, бүкіл оқу кезеңінде белгілі бір жоспармен, жүйемен

жүргізілуі қажет. Оқушы әр сабақ сайын жаңа сөз үйреніп отырады. Жылмажыл әр сыныпта оқушының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа сөзді оқушының күнделікті өмірде, қарым - қатынаста қолданатын белсенді сөздігіне айналдыру оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады. Сөздікті байытудың негізгі көзі –

оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, жаңылтпаштар, тапсырмалар, мұғалімнің сөзі, т.б. Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі

қадағаланады, яғни балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек.




Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақ тілімен әдебиеті орыс мектептерінде №4, 2008.

2. С.Нұрман, Қ.Қадашева. Оқу орыс тілінде жүретін

жалпы білім беретін мектептердің 5-11-сыныптарына

арналған «Қазақ тілі» деңгейлік оқу-әдістемелік кешені –

Астана: «Ел-Рун» баспасы, 2010.




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 15:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым 2015
    Қош бол, балабақшам!
    19 Мамыр 2015
    Алтын күз
    4 Мамыр 2015
    Ойтолғау
    27 Сәуір 2015
    Желілі ойын
    22 Сәуір 2015
    Сын есім
    14 Сәуір 2015
    «Жай сөйлем»
    20 Наурыз 2015
    Фотосы бар материал Ана құшағында
    18 Наурыз 2015
    Су асты тіршілігі
    17 Наурыз 2015
    Нан туралы өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31