Тақырыбы: «Жыр алыптары» (сайыс сабақ)

Тақырыбы: «Жыр алыптары» (сайыс сабақ)

Тақырыбы: «Жыр алыптары» (сайыс сабақ)

Мақсаты: Қазақтың бас ақындары, ұлы дана, ойшылдардың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Міндеті: 1. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.

2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру.

3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Көрнекіліктер:портреттер, кітаптар, қанатты сөздер, буклеттер.

Мұғалімнің сөзі:

Қазақтың қайраты деп ұғамын,

Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!

Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

Қазақ халқының ұлы ақындары, кемеңгер ұстаздары, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Ақындар мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап,адымдап келеді.

Құрметті ұстаздар және оқушылар, сыныптар арасындағы сайыс сабаққа қош келдіңіздер! Бүгін осы бір кішкене залда қазақ сахарасының

өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иелері қасиетті де, әруақты, әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарымен кеңінен танысып өлең жолдарын еске түсіреміз.

Бала деген алақанда өскен гүл

Күндей күліп, шуақ арай төккен нұр.

Бал дәуренің қызықты өтсін балақай

Әр күніңнің қасиетін байқай біл,-дей отырып,

3-4 сыныптар арасыныдағы сайыскерлерді ортаға шақырамыз.

Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 2 бөлімнен тұрады.Әр сыныпқа алдын ала алты ақын бөліп берілген.

1-бөлім: Әр сынып өз ақын-жазушыларының өмірбаянын (автобиографиясын) айтады.

2-бөлім: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы » (Ақындар шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)

Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасының төрайымы- Тәрбие ісінің меңгерушісі К.Төребаева

Мүшелері: 1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Смайыл

Абай бір өлеңінде: «Білімдіден шыққан сөз,Талаптыға болсын кез»- деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Ақындар әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз....

Енді кезекті 3 «А» сынып оқушысы Муратова Захро, Айтелдай Гүлназ, мұғалімі Қайпназарова Нұрсұлу (М.Мақатаев)

3 «Ә» сынып оқушысы Мирзамуратов, мұғалімі Жасұзақова Ұлжалғас (А.Құнанбаев)

3 «Б» сынып оқушысы.Булишева Фарангиз,Шокирова Наргиза,мұғалімі Эргашев Каттабек (Ы.Алтынсарин)

4 «А» сынып оқушысы Хамракулов Н, Мирзамуратова Н, Фатуллаева Ф, мұғалімі Тулендиева Сандуғаш (А.Байтұрсынов)

4 «Ә» сынып оқушысы Асланова Мухае, мұғалімі Атшабарова Перизат

4 «Б» сынып оқушысы Фатуллаева М, Тураева , Дадаева, мұғалімі Самарова Насиба (С.Сейфуллин)

Мұғалім сөзі: Құрметті жыр сүйер қауым, бүгінгі сайысқа арналған ән-шашуды қабыл алыңыздар!

Шырқа,шырқа балдырған,

Шашуды шаш ән жырдан.

Сен шырқаған әсем ән,

Тойдың көркін жандырған-деп 1 «Ә» сынып оқушыларын «Бала тілегі» әнімен қарсалыңыздар!

Мұғалім сөзі:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.

3 «А» сынып оқушылары «Үш бақытым» өлеңін оқиды.

3 «Ә» сынып оқушылары «Қыс» өлеңін оқиды.

3 «Б» сынып оқушылары «Кел,балалар оқылық» өлеңін оқиды.

4 «А» сынып оқушылары «Анама хат», «Маймыл мен көзілдірік» өлеңін оқиды.

4 «Ә» сынып оқушылары «Ана тілім» өлеңін оқиды.

4 «Б» сынып оқушылары «Орман», «Інішегім» өлеңін оқиды.

(Мұғалімдерімен бірлесе отырып өлеңдерін мәнерлеп оқиды)

( Зал қараңғыланып, сахнадағы Ақындар портретіне май шам жарығы түсіріледі. Жыр алыптарын еске түсіріп 1-минут тыныштық сақтайды)

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды, -деп Ы.Алтынсарин атамыз жырлағандай сендердің де өнер-білімдерің өрби берсін.

Мың бұралып билеген,

Қыздарды кім сүймеген.

Күміс көмей қыздарға

Кімдер басын имеген- демекші 3 «Б» сынып қыздарының орындауында «тәжік биі»

Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-

деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Төребаеваға беріледі.

Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын,

Анық басып, жүрдің байқап ақырын.

Қазақ бүгін көтереді көгіне,

Халық үшін қан жылаған ақынын.

Сыныптағы Абай оқуларының шымылдығын талай жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, талай жастың сезіміне куә болған, шынайы махаббаттың әнұранына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнімен жабуға рұхсат етіңіздер!

 

 Сұлтанова Тәтігүл Есентайқызы,

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы

«С.Сейфуллин атындағы ЖОМ» бастауыш сынып мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста