Жарнамасы күшті сабындардың зияны көп болуы мүмкін

20 желтоқсан 2013, 12:06

Бактерияға қарсы сабындардың пайдасымен бірге зияны да көп болуы мүмкін. Америкалық микробиологтер олардың адам гормондарына кері әсері барын айтып отыр.
Мeddaily.ru-дың хабарлауынша,  АҚШ-тың Азық-түлік және меди­каменттер жөніндегі басқармасы қол жууға арналған антибактерия­лық заттардың бәрін тексергелі отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай өнімді өндірушілер олардың ағзаға қауіпсіз екенін дәлелдеуі қа­жет. Өйткені бактериядан тазартқыш сабындар құрамындағы трикло­зан және триклокарбан заттарының, кері­сінше, кейбір инфекциялардың төзімділігін арттыратыны анықталды. «Кейбір жаңа мәліметтер бактерияға қарсы сабындардың пайдасынан зияны көп екенін көрсетіп отыр. Бактериялардың мұндай сабындарға еті үйреніп кететіні өз алдына, сонымен бірге жануарларға жасалған сынақ нәтижесінде тазартқыштардың гормондық ауытқуларға соқтыруы мүмкін екені де белгілі болды», – дейді микробиолог Коллин Роджерс.