Зерайна

Қытайдағы қазақ журналистикасы тұманнан жарыққа ұмтылуда

Қытайдағы қазақ журналистикасы даму кезеңiнде. Бұл елдегi халықтың сиректеу қоныстанған аймағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы өлкесiнде 21 миллион 813 мың 334 адам тұрады. Өлке орталығы Үрiмжiдегi бұл көрсеткiш 3 миллион 110 мың 280-дi құрайды. Ал мұндағы тарыдай шашыраған екi миллионға жуық қазақ ұлтын күнделiктi ақпаратпен қамтамасыз етiп, өз мiндетiн бұлжытпай атқарып отырған осы саланың қызметiн оңай деп айтуға болмас. Қазақ ұлты негiзiнен Iле, Алтай, Тарбағатай аймағы мен бiрнеше автономиялы аудандарда шоғырланған. Оннан астам газет, отыздай журнал, екi қазақ тiлдi (XJTV-3, XJTV-8) өлкелiк телеарна, екi қазақ радиосы, жетi қазақ баспасы бар. Көбiсi Үрiмжi мен Құлжа қалаларына орналасқан.

Миллиардқа тарта көрерменi, тың­дарманы, оқырманы бар қытай БАҚ кеңiс­тiгiн миллионға жуық қазақ ауди­то­риясымен салыстыруға болмас. Әйтсе де, қазақ тiлдi баспасөз бен телеар­налардың өз деңгейiнде жұмыс iстеп жатқанына олардың тұрғындар сұранысын толық қанағаттандырып отырғаны дәлел.

Сонымен, дәстүрлi медиа-газеттер туралы айтсақ, өлкелiк «Шыңжаң» газетi, «Шыңжаң Ғылым техникалық», «Пайда­лану  хабарлары», «Оқу ағарту», «Iле», «Iле кешi», «Iле өрендерi» газетi болып, ұзын саны оннан асады. Ең танымалы  өлкенiң бас басылымы – «Шыңжаң» газетi қытай, ұйғыр, моңғол және қазақ тiл­дерiнде ақпарат таратады. Қазақ тiлдi таралымы – он бес мың дана.

Мұнан тыс өлкеде саяси, идеялық, әмбебап  бағыттағы «Iздену», «Iле  жас­тары»,  «Шыңжаң авангардтары», «Iле  әйел­дерi»,  «Шыңжаң оқу  ағартуы» жур­налдары бар. Ал суреттi  басылымдардан «Ұлттар» суреттi журналы, «Шыңжаң» суреттi журналы, «Қазақ балалары» ғылыми  суреттi  журналы ондағы қазақ фотожурналистикасының көсегесiн көгертуде. «Шыңжаң қоғамдық ғылымы», «Шыңжаң  қоғамдық ғылымдар мiнберi», «Шыңжаң  жоғары  оқу  орындарының ғылыми журналы», «Тiл  және аударма», «Көкжиек», «Шалғын» сияқты ғылыми журналдары жарық көредi. Сонымен қатар,   жергiлiктi «Дәрiгерлiк  бiлiм», «Мек­­­теп  дене  тәрбиесi», «Шыңжаң  мал шаруашылығы», «Шаруашылық мате­риалдары», «Жайылымды шаруа  мал­дары», «Алға» секiлдi журналдар да Қытай қазақтары салалық журналис­тикасының дамуына үлес қосып жүр.

Социалистiк режимде ешқашан  тәуелсiз басылымдарға деген сұраныс жоқ, Қытай тарапынан ақпаратты қатаң сүзгiден (ақпараттық фильтрлеуден) өткiзетiндiгiн де атап айтуға болады. Соңғы жылдары ел iшiндегi түрлi ұлтаралық дүмпулерге байланысты мемлекеттiк тiлден тыс жазған ақпаратты әуелi қытай тiлiне аударып, «саяси түзеуден» күзеуден өткiзгесiн басы­лымға шығарады. Дегенмен Қытайдағы қазақ журналистерiнiң әлеуметтiк тұрмыс жағдайы жақсы. Айлық жалақысы жыл санап өсiп келедi — орташа есеппен 4500 юань. Бұл бiздiң теңгенiң бағамына шаққанда 100 мың теңге көлемінде. Мұның басты себебi, елдiң батыс өңiрiндегi (Шыңжаң) мол табиғи байлықтан мем­лекеттiк есепте пайыздық қаржы ажы­ра­тылған. Өз саласында мол табысқа жеткен мамандарға көрсетiлер мемлекеттiк қолдау көп. Сондықтан да елдiң саяси тұрақтылығы мен қауiпсiздiгiн рухани тұрғыда насихаттау жолында журналистер қауымы аянып қалған емес.

Тағы бір атап өтер жайт, Қытайдағы қазақ тілді жаңа медианың жариялылыққа, сөз еркіндігіне деген ұмтылысы қуантады. Себебі ғаламтор арқылы ақпарат таратуды мақсат тұтқан азат ойлы қазақ жастарының саны күн санап артуда. Өйткені олар, арқа сүйер атамекен – азат Қазақ елінің бар екендігіне, оның дамуына, келешегіне деген сенімі мол. Сондықтан олар қа­зақияның қуанышы мен күйінішін өз жүрегімен сезініп, батыл пікір айтып үйренген ұл-қыздар...




Көрілген: 2940    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2013, 11:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31