Алматы облысында автобус кішкентай қызды басып кетті

26 қыркүйек 2022, 15:01

Жантүршігерлік жағдай 25 қыркүйекте “Ойқарағай” шатқалындағы “Лесная сказка” демалыс орнында болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қоғамдық көлік кішкентай қызды қағып, мыжып кеткені Telegram-дағы арналардың бірінде жарияланды.

 

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан қызыл киінген қыз автобустың астында қалғанын көруге болады.

 

 

Алған соққыдан бүлдіршіннің бірнеше жері сынған. Періштесі қаққан қыздың денсаулығына қатысты өзге ақпарат жоқ.

 

Осыған қатысты Экспресс К Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне хабарласты. Әзірге автобус жүргізушісінің қандай жауапқа тартылғаны белгісіз.