Қайғылы жағдай Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде орын алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қаңтарда сағат 17.10 шамасында 49 жастағы жүк тиегіш машинисі электровозбен соқтығысқан.
– Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді департаментте.
Жүк тиегіш әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына, электровоз депоға қойылды.⠀