Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда биыл 48 адам пойыздың астына түсіп мерт болған

28 қыркүйек 2022, 09:23

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында пойыздардың шұғыл тежелуінің 1472 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде темір жол алқабында мал жайылуына байланысты - 1014, теміржол төсемінде адамдардың болуына байланысты - 288 факті.

Сондай-ақ жылжымалы құраммен адамды басып кетудің 69 фактісі болды, оның ішінде қаза болғандар - 48 адам, 21 адам жарақат алған. Кәмелетке толмағандар саны - 10.

«Темір жол - аса қауіпті аймақ. Осыған орай көлік полициясы қараусыз қалған мал пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертеді. Азаматтар мал жаю ережесін мүлтіксіз сақтауы және темір жол маңында мал жаймауы тиіс» деп ескертеді полиция.

ҚазАқпарат.