Жігер

Инженерлік білім сапасын көтеру басты мақсат

Елбасы «Қазақстан–2050» Жолдауында еліміздегі жоғары оқу орындарының білімді өз беттерінше жетілдіруге қабілетті және оны жаңа технологияларға шығармашылықпен айналдыра алатын мамандар дайындаудағы рөлін атап көрсетті.

ЕО Темпус QUEECA жобасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен «Ор­та Азиядағы инженерлік білім беру сапасы» атты I форум инженерлік білім беру жүйе­сін дамыту мәселелеріне арнал­ды.

Бұл шараны KazSEE – Қазақстан инже­нерлік білім беру қоғамы және Қазақстан ұлттық жоғары мектеп академиясы бірле­сіп өткізді.

Форум барысында жаратылыстану ғы­лымдары пәндерінің сапасын жaқсарту, сондай-ақ Орталық Азия жаратылыстану-техникалық бағдарламаларының аккре­ди­та­циялық стандарттарын еуроодақтық стан­дарттарға және жұмыс берушілердің талап­­тарына сай дайындау жөніндегі мәсе­лелер кеңінен талқыланды.

Форумда сөз алған ҚазҰУ ректоры Ға­лым Мұтанов: «Біз халықаралық стан­дарт­қа сай тіркелетін жаңа буынның келер ұрпақ нәр алатын білім бағдарламасын қа­лып­тастыруымыз керек. Бұл, әрине, за­ма­науи инженерлік жүйеде білім беру ісі­нің қар­қын­ды дамуына өз септігін тигізеді. Ал қазақ­стандық мамандардың біліктілігін растайтын тәуелсіз орталықтар ашу оларға әлемдік еңбек нарығында бәсекелесуге мүм­кіндік бере­ді», – деп атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сапалы инже­нерлік білім беру ісінде маңызды рөл атқарады және QUEEСA жобасын жетіл­діруге белсенді қатысуда.

Халықаралық инженерлік білім беру қоғамдары федерациясының президенті Хосе Карлос Квадрадо «Жоба Орталық Азия елдерінде инженерлік білім берудің ұлттық қоғамдарын құруға бағытталған. Осы тұста бізге қазақстандық әріптес­те­ріміздің тәжі­рибесі өте маңызды әрі қажет. Сондай-ақ біз Ор­талық Азияда инженерлік білім беру фе­де­­рациясын, бағдар­ла­маларды акк­ре­ди­та­ция­лаудың ұлттық орта­лықтарын құруды жос­парлап отыр­мыз. Одан әрі инже­нер­лер­дің біліктілігін сертификациялау орталықтары құрылатын болады. Еуро­па­лық лейблы бар құжатқа ие адамның үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізе алатындығы мен әлемдік дең­гей­де таны­ла­тындығына» баса назар ау­дар­ды.

Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы басқар­масы өкіл­дері, АҚШ, Ұлыбритания, Ита­лия, Германия, Португалия, Ресей, Өзбек­стан, Қыр­ғыз­стан­ның 30-дан аса жоғары оқу орындары, еуропалық инженерлік бағ­­дар­ла­маларды аккреди­та­ция­лау    жeлісі (ENAEE), Халы­қ­ара­лық инже­нер­­­­лік білім беру қоғамдары федерациясы (IFEES), Еуропалық инженерлік білім беру қоғамы (SEFI), Италиялық инже­нерлік бағ­дарламаларды аккредитациялау агент­тігі (QUACING), Ресей инженерлік білім беру ассоциациясы (АИОР) қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі




Көрілген: 2773    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2013, 12:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30