Зобалаң

Түйетөбедегі тағзым

  • Түйетөбедегі тағзым

    Түйетөбедегі тағзым

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін ақтөбеліктер жыл сайын Түйетөбе сайында атап өтеді. Ақтөбе қаласының шығыс жағында орналасқан бұл қасіретті сайда қуғын-сүргін жылдары ату жазасына кесілгендер жерленген. Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бері аталып өтетін бұл атаулы күні, міне, алтыншы жыл қатарынан ақтөбеліктер Түйетөбеге ағылады.

1997 жылы 31 мамыр күні осы жерде алғаш рет қаралы митинг өткізіліп, кейін ескерткіш белгі орнатылған болатын.

Тарихи деректер бойынша, 1920-40 жыл­дар аралығында Ақтөбе облысы бо­йын­ша 7 мыңдай адам айдалып, оның1500-і ату жазасына кесілген екен. Ол­ардың ішін­де көзі ашық, көкірегі ояу халық қалау­лылары мен ұлт жанашырларының, соны­мен бірге сол жылдары қазақ дала­сына жер аударылып келген өзге ұлт өкіл­дерінің де бары анық. Деректер бойынша, сол нәубет жылдары облысқа 3 мың орыс, 5 мың украин, 6 мың шешен, 400 еврей, 1000 поляк, 1,5 мың неміс, 700 болгар жер ауда­рылған. Қызыл империяның қаны тамған қылышынан құтыла алмаған ұлты бөлек, қасіреті бір талай жазықсыздың жан тапсырған ортақ мәйіті Кеңес өкіметі кезін­де құпия сақталып келді. Ата-анасы­нан, ата-әжесінен айырылған ұрпақтың жалғыз жұбанышы жер-жердегі осындай ескерт­кіш­тер екені рас. «Халық жауының ұрпағы» деген қара таңбадан әрең арылған олар жыл сайын Түйетөбеге барып тағзым етіп, Құран оқиды.

— Мен алғаш Түйетөбе туралы 1997 жылы атамнан естідім. «...Әкеміз Мүсірдің сүйегі табылыпты. Ақтөбеден 20 шақырым жердегі Түйетөбе сайында атылған екен. Онда қуғын-сүргін құрбандарына арнал­ған ескерткіш орнатылған. Енді атаң сол жерге барып, Құран бағыштап келмекші», – деді ол. Көп ұзамай атам Хамит 60 жылдан кейін анасы Ақжібектің қабірінің басынан, туған жерінен бір уыс топырақ апарып салып, жеті нан таратып, Құран оқы­тып, әке алдындағы перзенттік пары­зын орындап келді. Содан бері біздің әулет үшін Түйетөбеге барып, атаға Құран ба­ғыш­тау дәстүрлі үрдіске айналды. Осынау алапат зұлмат қармағына 1937 жылдың қазан айында Ойыл ауданының сол кездегі №22 Тамдыкөл ауыл кеңесі (Қарасу елді мекені) де іліккен.

«...Әлі есімде. Таңға жақын үш адам үйге баса-көктеп кіріп, үйдің ішін тінтіп ақ­тарды. Ол кезде не болатын еді, ауырып жат­қан апамның білезік, сырғасынан басқа пайдаға асатын ештеңе таба алмады. Әкем­ді алып бара жатқанда шешеме еріп, мен де сыртқа шықтым... Сол кеткеннен әкем оралған жоқ», — деп еске алады атам қасіретке толы кездерді. 1997 жылға дейін атам әкесінің сүйегінің қайда қал­ғанын біле алмады. Тек 1997 жылы ҚР Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының құжатта­рына сай, әкесінің 1937 жылдың 10 қарашасын­да Ішкі істер халық комиссариаты үштігінің қаулысымен тұтқынға алынып, ату жазасы­на кесілгенін, үкімнің сол күні Ақтөбеден 20 шақырым жердегі Түйетөбеде орын­далғанын және де 1993 жылғы 14 сәуір­дегі Қазақстан Республикасының №2144 «Жап­пай қуғын-сүргін құрбанда­рын ақтау» Заңына сәйкес, толықтай ақтал­ған­ын білді. Содан бері жыл сайын Түйе­төбеге барып тағзым етеміз, — дейді ақтөбелік Гүлбану Мүсірова.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ар­на­лып қойылған белгілер облыста Қан­дыа­ғаш қаласы мен Ойыл ауданында да бар.




Көрілген: 2770    Пікірлер: 0

жұма, 31.05.2013, 13:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30