- Менің көптен бері айтып жүретін тілегім орындалды. Атам өзімен бірге мені қақпан құрып жүрген жеріне апаратын болды, - деп бастады Серік бұдан бірнеше жыл бұрын болған әңгімесін. Айнала дала жым-жырт. Құлаққа ұрған танадай, тырс еткен дыбыс жоқ. Аппақ ұлпа қарға бөккен сонау белес-белес адырлар, әрі ұзаған сайын бұлдырлана, шегі жоқ сияқты көрінеді. Әр жерде бөлек-бөлек шоғырлана өскен тырбық тал, жердегі аппақ қардан айырғысыз.
Пенсияға шыққан шыққан төрт-бес айдың арасында Нұрханның өзгеріңкірегенін әйелі іштей сезіп жүр. Бұрынғыдай емес, күрт жуасығандай. Жиырма бес жылды әскери қызметте, одан бері уақытын милиция саласында өткізгені тап-тұйнақ жинақылыққа, бетің, жүзің бар демейтін турашылдыққа дағдыландырған.
Әй, бар болғыр, осы бір троллейбустардың алдыңғы және артқы орындықтарының өте қызық орналасқанын айтамын да!.. Ең алдындағы екі кісіге екінші қатардағы екі кісі арқасын беріп, өкпелеп қалғандай теріс қарап отырады.
Әр тұсы тарлауыт жайдақ аңғардың ортасымен ағып жататын жіңішке өзеннің екі жағалауы бір кезде бірін-бірі жалғаса соққан тоқал үйлерден тұратын ауыл еді. Сонда бар ғой, анау аумағы әжептеуір алаңқайға адам аяғы баспайтын. Себебі, ортасын ала оқшау көзге түсетін жылан ордасы болды. Енді, міне, көкорай жусан көмкеріп жататын жазалаң беті астаң-кестең; гүріл-сарылы дүниені көшірген техникалар топырағын тегістегенде, жылан ордасын да жым-жылас қылды. «Қап, әттеген-ай» деп бұл тұрды. Алпыс екі тамырының бірі үзіліп кеткендей денесін қуалап, діріл жүгіріп өткен.
Білезіктегі дисплейі дың ете қалды. Қараса, «сізді 11.00-де махалла жандармы Ли мырза өзінің офисінде күтеді» деген хабар тұр. «Тағы не керек бұған?» деп ойлады Ерімбет. Аңдығаны мен болдым ғой бұл иттің. Япырау, микрочип бар, білезік-дисплей бар, көше мен аула толған спутник камера, үйдегі интернетпен де біліп тұр отырған-тұрғаныңды, кірген-шыққаныңды. Бұған не керек? Ішкен тамақ, киген киім – бәрін көріп отыр. Қай уақытта түшкіргеніңе дейін жазылып тұрады. Секундына дейін. Енді неге бұл мені тергеуге шақыра береді. Басқа ісім жоқ па менің.
Қатар-қатар орналасқан темір құрсаудағы жылқының тіршілігі бір қалыпты өтіп жатады. Қолдан берген құнарлы азықтан диланған, қоңданған жануарлар тордағы арыстандай әсер етеді. Ауық-ауық тыпыршып, шатқаяқтап, мойнын бұрып, табиғат азаттығын аңсайды. Ішқұсталық асқынғанда кісінеседі. Кәнігі атшы келгенде далаға шығарарын түйсініп, оқыранады.Үйреншікті сейіл өлшеулі. Тәуліктің белгілі мезгілі бар. Осы мезгіл кейде кенет бұзылады.
1490 рет оқылды
975 рет оқылды
699 рет оқылды
610 рет оқылды
341 рет оқылды
326 рет оқылды
5114 рет оқылды
4779 рет оқылды
4115 рет оқылды
2957 рет оқылды
2897 рет оқылды
2814 рет оқылды
13796 рет оқылды
13182 рет оқылды
12247 рет оқылды
11347 рет оқылды
11262 рет оқылды
8681 рет оқылды
Медет Құлжанов
Қайрат Әукенұлы Байбосынов
Нұртай Салихұлы Сабильянов
Жарқын Қабыкенұлы Әлжанов
Қуандық Сапарұлы Мұстафин
Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев
Мұрат Ноянбайұлы Ахманов
Әбдіқадыр Кәрім
Құттықожа Ыдырысов
Қуанышбай Құрманғали